Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Инноваторларға ескертпелер

«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ» келесі инновациялық гранттарды береді:

- технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант;

- жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант;

- Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант.

Инновациялық гранттар Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарына сәйкес беріледі (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1163 бұйрығы).

1. Минералдық және көмірсутегі шикізатын іздеудің, өндірудің, тасымалдаудың және қайта өңдеудің прогрессивтi технологиялары.

2. Тау-кен металлургия кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.

3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі, тамақ өнеркәсібіндегі және агрохимиядағы прогрессивтi технологиялар.

4. Фармацевтика саласындағы, медицина өнеркәсібіндегі, биотехнологиялардағы, биоинженериядағы, гендік инженериядағы прогрессивтi технологиялар.

5. Химияның және мұнай-химиясының прогрессивтi технологиялары.

6. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, машина жасаудың прогрессивтi технологиялары.

7. Баламалы энергетика, жаңартылған энергия көздері.

8. Энергия тиімділігі технологиялары.

9. Инфокоммуникациялық технологиялар, оның ішінде:

ақпараттық (кибер) қауіпсіздік саласындағы технологиялар;

электрондық өнеркәсіп технологиялары.

10. Жеңіл өнеркәсіптегі прогрессивтi технологиялар.

11. Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі прогрессивтi технологиялар.

12. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, құрылыстағы прогрессивтi технологиялар.

13. Буып-түю өнеркәсібіндегі прогрессивті технологиялар.

14. Робот техникасы.

15. Нано және ғарыш технологиялары.

16. Энергетика.

 

  1. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант:

(«Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1192 бұйрығы).

Гранттың мақсаты: оң экономикалық нәтиже алуға бағытталған өз өндірісінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану).

Жобаға қойылатын талаптар:

- енгізудің қорытынды сатысында (идея емес) әзірлеу (енгізу/ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін пайдалану);

- оң нәтиже алуға бағыттылығы.

Қаржыландыру шарттары:

Өтініш берушінің жеке қаражатының 50% / 50% грант қаражаты, бірақ 200 млн.теңгеден артық емес.

Технологияны коммерциализацияландыруға инновациялық грант беру шеңберінде қаржыландырудың жалпы сомасы негізделген шығындардан 50 (елу) пайызға дейін, бірақ 200000000 (екі жүз миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайды және жұмыстардың мына түрлерін орындау үшін бөлінеді:

1) өнеркәсіптік прототипті жасау;

2) нақты өндірістік жағдайда өнеркәсіптік сынақтарды өткізу;

3) жобалау-конструкторлық құжаттаманы әзірлеу;

4) өнімнің өнеркәсіптік дизайнін әзірлеу;

5) жобаны іске асыру барысында пайда болған зияткерлік меншікті қорғау (үшінші тұлғалардың қызметтері мен мемлекеттік бажды төлеу);

6) жобаны консультациялық және инжинирингтік сүйемелдеу – техникалық, технологиялық мамандандырылған қызметтер;

7) маркетингтік шараларды өткізу;

8) өнімнің ақауларын анықтаумен және (немесе) оларды жақсарту қажеттігімен қауіпсіздікке, денсаулық пен қоршаған ортаны бақылауды жүзеге асыратын ұйымдармен өнімнің тесттік партиясына квалификациялық сынақ өткізу;

9) Қазақстан Республикасының рұқсат беру және ескерту туралы заңнамасына сәйкес рұқсат беру құжаттарын алу.

Инновациялық грант қоса қаржыландыру шартымен күнтізбелік жоспарға сәйкес өтінім берушіге беріледі және шығындардың мынадай түрлерін өтейді:

1) жабдық сатып алу, оның ішінде тасымалдау, салықтық міндеттемелер мен кеден баждары;

2) өнеркәсіптік прототип құру үшін материалдар, шикізат пен құраушы өнімдер сатып алу;

3) үшінші тұлғалар/бірге орындаушылар орындайтын жұмыстар/қызметтер үшін төлеу;

4) жобаны іске асыру барысында пайда болған зияткерлік меншікті қорғауда мемлекеттік баждар мен үшінші тұлғалардың қызметтерін төлеу.

Құжаттар:

1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант алуға өтініш.

Өтініш жоба жетекшісінің қолымен куәландырылады және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ұсынылады;

2) осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша технологияларды коммерцияландыру стратегиясы (сондай-ақ MicrosoftWord нысанында, электронды тасығышта, ағылшын тілінде ұсынылады).

3) заңды тұлғалар үшін – жарғы көшірмесі, жоғары органның өтінімді ұлттық институтқа ұсыну туралы шешім, басқарушыға немесе басқа уәкілетті тұлғаға өтінімді ұсыну мен инновациялық грантты алумен байланысты құжаттарға қол қою өкілеттерін беру;

4) заңды тұлғалар үшін – бірінші басшымен (ол болмаған кезде – оны алмастаратын тұлғамен) және бас бухгалтермен қол қойылған, ұйымның мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған соңғы жыл үшін қаржылық есептілік (қаржылық есептіліктің әр жыл сайынғы аудитін өткізу міндетті болып табылатын тұлғалар уақыттың көрсетілген кезеңі үшін аудиторлық есеп ұсынады);

5) мемлекеттік кірістер органдарында есеп жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

6) жоба қатысушыларының біліктілігін растайтын лицензиялар, патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар мен басқа құжаттардың көшірмелері;

7) құрал-жабдықтарды жеткізугешарттардың және (немесе) келісімдердің көшірмелері қоса берілуі мүмкін.

Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру рәсімі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) ұлттық институтпен өтінімнің қабылдануы және ұсынылған құжаттардың толықтығын және рәсімдерін ұлттық институттың актілерімен реттелетін Қағидалар талаптарына сәйкес келуін тексеруі.

Өтінімдерді осы Қағидалар талаптарына сәйкес келуін тексеру аяқталғаннан кейін, ұлттық институт өтінімде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына анықталған сәйкессіздіктер (бар болған жағдайда) туралы ескерту хатын жібереді.

Осы Қағидалардың 25-тармақ талаптарына өтінімнің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, ұлттық институт хабарлама жіберген күннен бастап өтінім беруші 10 (он) жұмыс күнде анықталған сәйкессіздіктерді жояды.

Құжаттар 10 (он) жұмыс күнінде ұсынылмаған жағдайда өтінім одан әрі қараусыз өтінім берушіге қайтарылады.

Уәкілетті органның, ұлттық институттың акционерін және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, ұлттық институт өтінім туралы ақпараттың инновациялық грант беру рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғаларға жарияланбауын қамтамасыз етеді;

2) ұлттық институттың өтінімдер сараптамасын жүргізуі.

Сараптаманы жүргізу рәсіміне талаптар осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген.

Технологиялық сараптама бойынша теріс қорытынды алған өтінімдер, қаржылық-экономикалық және құқықтық сараптамадан бұдан әрі өтпей, шешім қабылдау үшін комиссия қарауына шығарылады;

3) сараптамалар нәтижелері мен өтінім материалдары бойынша кешендік қорытындыны жасау және инновациялық грантты беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін комиссия қарауына жіберу.

Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнін құрайды;

4) өтінімдерді комиссия отырысында қарастыру және инновациялық грантты беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;

5) Шартқа қол қою немесе инновациялық грантты беруден бас тарту туралы өтінім берушіге ескерту.

Ұлттық институт өтінім берушілерге комиссияның шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінде ұлттық институтпен Шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарлайды немесе өтінім берушілерге инновациялық грантты беруден бас тарту туралы негіздемелері қоса берілген хабарламалар жібереді.

Шартқа грант алушы мен ұлттық институт комиссия хаттамасына қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінде қол қояды. Шарт ұлттық институт актілерімен реттелетін нысанда әр тарап үшін бір-бірден екі данада жасалады.

 

2. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант:

(«Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1211 бұйрығы).

Гранттың мақсаты: Технологиялар трансферті арқылы кәсіпорындардың технологиялық міндеттерін шешу.

Жобаға қойылатын талаптар:

- өндірістік кәсіпорынды технологиялық дамытуға бағыттылығы, басқаша айтқанда, нақты кәсіпорынның технологиялық міндетін шешетін жұмыс істейтін технология трансферті;

- озық және (немесе) қазіргі заманғы технология трансферті;

- өнеркәсіптік қолдану фактісінің болуы (енгізілген бір жерде) немесе қолдануға жоғары дайындығы (жартылай өнеркәсіптік сынақтардан өткен);

- негізінен отандық шикізатты пайдалануға бағдарлануы;

- экспорттық әлеуеті бар өнімді өндіруге және (немесе) еңбек өнімділігін арттыруға бағыттылығы.

Қаржыландыру шарттары:

Өтініш берушінің Жеке қаражатының 50% / 50% грант қаражаты, бірақ 400 млн. теңгеден артық емес, оның 70% лицензиялық шарт сатып алуға; 50% жабдықтар сатып алуға.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант беру аясында қаржыландырудың жалпы сомасы лицензиялық келісім-шарт бойынша негізделген шығындардан 70 (жетпіс) пайызға дейін және (немесе) құрал-жабдықтарды сатып алу үшін негізделген шығындардан 50 (елу) пайызға дейін, бірақ 400 000 000 (төрт жүз миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайды және мынадай мақсаттар үшін шығындарды өтеу үшін бөлінеді:

1) мәмілені сүйемелдеу бойынша кеңес беру қызметтеріне шығындар (технологиялық брокер қызметтері);

2) технологияның меншік иесінен сатып алынатын технологияның ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық құжаттаманы және (немесе) құрал-жабдықтарды сатып алу;

3) инженерлік-техникалық персоналды оқыту, соның ішінде шетелдік мамандарды тарту;

4) өнімің өнеркәсіптік дизайнын әзірлеу;

5) технологиялық процесті сынақтан өткізу;

6) өнімді сертификаттау".

Өтініш берушіге мынадай критерийлер белгіленеді:

1) мәлімделген салада 3 (үш) жылдан кем емес коммерциялық қызмет етуі;

2) біліктіліктің қажетті деңгейі бар инженерлі-техникалық персоналдың болуы;

3) өтініш берушінің жалпы жылдық табысы соңғы 3 (үш) жылда жобаның толық сомасынан кем емес.

 

Егер мынадай өлшемдерге сәйкес келсе, заңды тұлғалар ТЖҚ грантына өтінім бере алады:

- Қазақстан Республикасының резиденті;

- мәлімделген салада коммерциялық қызметті кемінде 3 (үш) жыл жүзеге асыру;

- қажетті біліктілік деңгейі бар инженерлік-техникалық персоналдың болуы;

- өтініш берушінің соңғы 3 (үш) жылдағы жылдық жиынтық табысы жобаның толық құнынан кем емес;

- технология иесімен аффилиирленудің және технологияға лицензияның болмауы.

 

Енгізілетін технологияларға мынадай өлшемдер белгіленеді:

- технология иесімен аффилиирленудің және технологияға лицензияның болмауы:

- өндірістік кәсіпорынды технологиялық дамытуға бағытталған;

- отандық шикізатты пайдалануға басым бағдарланған алдыңғы қатарлы және (немесе) қазіргі заманғы деңгейден төмен болмауы;

- өнеркәсіптік қолдану фактісінің болуы немесе қолдануға дайындығының жоғары дәрежесі (жартылай өнеркәсіптік сынақтардан өткен);

- экспорттық әлеуеті бар өнім өндіруге және (немесе) еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.

 

Құжаттар:

Өтінім беруші ұлттық институтқа мынадай құжаттарды қамтитын өтінімді ұсынады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грант алуға өтініш;

2) беру шарттарын көрсете отырып, технологияны беру туралы тараптардың ниетін растайтын алдын ала келісім;

3) осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жобаның бизнес-жоспары (сондай-ақ ағылшын тілінде, электрондық тасығышта, MicrosoftWord нысанында беріледі);

4) үлестес тұлғалардың тізімі;

5) өтінім берушінің еншілес құжаттардың көшірмелері;

6) өтінім берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін), өтінім беруші филиалының (өкілділігінің) есепті тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжат;

7) бірінші басшымен (ол болмаған кезде – оны алмастаратын тұлғамен) және бас бухгалтермен қол қойылған, ұйымның мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған соңғы жыл үшін қаржылық есептілік (қаржылық есептіліктің әрржылық есептіліктің олмаған кезде – оны алмастаратын тұлғамен) және бас бухгалтермен қол қойылған, ұйымның мөрімен (ба);

8) мемлекеттік кірістер органдарында есеп жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер;

9) өтінім берушінің бірінші басшысын тағайындау туралы шешім, сондай-ақ жобаның бірінші басшысына және өтінімге қоса тіркелетін өтінімге және (немесе) өтінімге қоса берілетін құжаттарға қол қоюға құқылы өзге де тұлғаларға сенімхат.

Өтінім материалдарына қосымша жоба қатысушыларының біліктілігін растайтын лицензиялар, патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар мен басқа құжаттардың көшірмелері өтінім материалдарына; бар болған жағдайда қоса беріледі.

 

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттарды беру рәсімі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) ұлттық институтпен өтінімнің қабылдануы және ұсынылған құжаттардың толықтығын және рәсімдерін ұлттық институттың актілерімен реттелетін Қағидалар талаптарына сәйкес келуін тексеру.

Осы Қағидалар талаптарына өтінімдердің сәйкес келуін тексеру аяқталғаннан кейін, ұлттық институт өтінімде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына анықталған сәйкессіздіктер (бар болған жағдайда) туралы хабарлама жібереді.

Осы Қағидалардың 19-тармақ талаптарына өтінімнің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, ұлттық институттан хабарлама алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінде анықталған сәйкессіздіктерді өтінім беруші жояды.

Сұратылған құжаттар 10 (он) жұмыс күнінде ұсынылмаған жағдайда өтінім одан әрі қараусыз өтінім берушіге қайтарылады.

Уәкілетті органды, ұлттық институттың акционерін және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, ұлттық институт өтінім туралы ақпараттың инновациялық грант беру рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғаларға жарияланбауын қамтамасыз етеді;

2) ұлттық институттың өтінімдер сараптамасын өткізуі.

Сараптаманы жүргізу рәсіміне талаптар осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген.

Технологиялық сараптама бойынша теріс қорытынды алған өтінімдер, қаржылық-экономикалық және құқықтық сараптамадан бұдан әрі өтпей, шешім қабылдау үшін комиссия қарауына шығарылады;

3) сараптамалар нәтижелері мен өтінім материалдары бойынша кешендік қорытындыны жасау және инновациялық грантты беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін комиссия қарауына жіберу.

Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнін құрайды;

4) өтінімдерді комиссия отырысында қарастыру және инновациялық грантты беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;

5) Шартқа қол қою немесе инновациялық грантты беруден бас тарту туралы өтінім берушіге хабарлау.

Ұлттық институт өтінім берушілерге комиссияның шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінде ұлттық институтпен Шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарлайды немесе өтініш берушілерге инновациялық грантты беруден бас тарту туралы негіздемелері қоса берілген хабарламалар жібереді.

Шартқа грант алушы мен ұлттық институт комиссия хаттамасына қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінде қол қояды. Шарт ұлттық институт актілерімен реттелетін нысанда әр тарап үшін бір-бірден екі данада жасалады.

 

  1. Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант:

(«Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1225 бұйрығы)

Гранттың мақсаты: Технологиялар трансферті арқылы кәсіпорындардың технологиялық міндеттерін шешу.

Жобаға қойылатын талаптар:

- салаларды технологиялық дамытуға бағыттылығы, басқаша айтқанда, нақты саланың технологиялық міндетін шешетін жұмыс істейтін технологиялар трансферті;

- озық және (немесе) қазіргі заманғы технология трансферті;

- өнеркәсіптік қолдану фактісінің болуы (енгізілген бір жерде) немесе қолдануға жоғары дайындығы (жартылай өнеркәсіптік сынақтардан өткен));

- негізінен отандық шикізатты пайдалануға бағдарлануы;

- экспорттық әлеуеті бар өнімді өндіруге және (немесе) еңбек өнімділігін арттыруға бағыттылығы.

Қаржыландыру шарттары:

Өтініш берушінің жеке қаражатының 50% / гранттың 85% - ы, бірақ 500 млн. теңгеден артық емес, оның 70% - ы лицензиялық шартты сатып алуға; 50% - ы жабдықтарды сатып алуға.

Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант беру аясында қаржыландырудың жалпы сомасы лицензиялық келісім-шарт бойынша негізделген шығындардан 70 (жетпіс) пайызға дейін және (немесе) құрал-жабдықтарды сатып алу үшін негізделген шығындардан 50 (елу) пайызға дейін және технологиялық құзіреттерді жоғарылату бойынша негізделген шығындардан 85 (сексен бес) пайызға дейін, бірақ 500000000 (бес жүз миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайды және мына мақсаттар үшін шығындарды өтеуге бөлінеді:

1) мәмілені сүйемелдеу бойынша кеңес беру қызметтеріне шығындар (технологиялық брокер қызметтері);

2) технологияның меншік иесінен сатып алынатын технологияның ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық құжаттаманы және (немесе) құрал-жабдықтарды сатып алу;

3) инженерлік-техникалық персоналды оқыту, соның ішінде шетелдік мамандарды тарту;

4) өнімің өнеркәсіптік дизайнын әзірлеу;

5) технологиялық процесті сынақтан өткізу;

6) өнімді сертификаттау;

7) өтінім берушінің өнімдері мен қызметтерінің әлеуетті тұтынушылары болып табылатын қызметкерлердің құзіретін жоғарылату үшін семинарлар немесе тренингтерді ұйымдастыру мен өткізу үшін шығындар;

8) өтінім берушінің өнімін тұтыну және (немесе) пайдалану процесінің жеке параметрлерін анықтауға қажеттілік тап болатын, өтінім берушінің өнімінің тұтынушылары (қазіргі немесе әлеуетті) болып табылатын, сала және (немесе) салалардың кәсіпорындарына қызмет көрсету үшін оқыту-көрсету және диагностикалық және (немесе) талдау зертханалары және (немесе) орталықтарды құру және (немесе) ұйымдастыру үшін талдау аспаптары мен құрал-жабдықтарды сатып алу.

Технологияның меншік иесі немесе технология бойынша құқықтарды беруді жүзеге асыратын тұлғалар өтінім берушімен үлестес болуына жол берілмейді.

 

Құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант алуға өтініш ұсынылады;

2) беру шарттарын көрсетумен бірге технологияны беру туралы тараптардың ниетін растайтын алдын ала келісім;

3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылым бойынша жобаның бизнес-жоспары (сондай-ақ ағылшын тілінде, электрондық тасығышта, MicrosoftWord нысанында беріледі);

4) үлестес тұлғалардың тізімі;

5) өтінім берушінің жарғылық құжаттарының көшірмелері;

6) өтінім берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін), өтінім беруші филиалының (өкілділігінің) есепті тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжат;

7) соңғы 3 жыл үшін қаржылық есептілік (қаржылық есептіліктің жыл сайынғы аудитін жүргізу міндетті болып табылатын тұлғалар көрсетілген уақыт кезеңіне аудиторлық есепті де ұсынады);

8) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) болуы туралы мәліметтер;

9) өтінім берушінің бірінші басшысын тағайындау туралы шешім, сондай-ақ жобаның бірінші басшысына және өтінімге қоса тіркелетін өтінімге және (немесе) өтінімге қоса берілетін құжаттарға қол қоюға құқылы өзге де тұлғаларға сенімхат.

Өтінім материалдарына жоба қатысушыларының біліктілігін растайтын лицензиялар, патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар мен басқа құжаттардың көшірмелері бар болған жағдайда қоса беріледі.

 

Инновациялық гранттар беру рәсімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) Ұлттық институтпен өтінімнің қабылдануы және ұсынылған құжаттардың толықтығын және рәсімдерін ұлттық институттың актілерімен реттелетін Қағидалар талаптарына сәйкес келуін тексеру.

Осы Қағидалар талаптарына өтінімдердің сәйкес келуін тексеру аяқталғаннан кейін, ұлттық институт өтінімде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына анықталған сәйкессіздіктер туралы ескерту хатын жібереді (бар болған жағдайда).

Осы Қағидалардың 20-тармақ талаптарына өтінімнің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, ұлттық институттан ескерту хатын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді өтінім беруші жояды.

Уәкілетті органды, Ұлттық институттың акционерін және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, Ұлттық институт өтінім туралы ақпараттың инновациялық грант беру процесіне қатыстырылмаған үшінші тұлғаларға жарияланбауын қамтамасыз етеді.

2) ұлттық институтпен өтінімдер сараптамасын өткізу.

Сараптаманы жүргізу рәсіміне талаптар осы Қағидалардың 1-қосымшамында көрсетілген.

Технологиялық сараптама бойынша теріс қорытынды алған өтінімдер бұдан былайғы қаржылық-экономикалық және құқықтық сараптаманы жүргізбей шешім қабылдау үшін комиссия қарауына шығарылады;

Технологиялық сараптама бойынша теріс қорытынды алынған жағдайда, қаржылық-экономикалық және құқықтық сараптама жүргізілмейді.

3) сараптамалар нәтижелері мен өтінім материалдары бойынша кешенді қорытындыны жасау және инновациялық грантты беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін комиссия қарауына жіберу;

4) өтінімдерді комиссия отырысында қарастыру және инновациялық грантты беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;

5) Шартқа қол қою немесе инновациялық грантты беруден бас тарту туралы өтінім берушіге ескерту.

Ұлттық институт өтінім берушілерге комиссияның шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні мерзімінде ұлттық институтпен Келісім-шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарлайды немесе инновациялық грантты беруден бас тарту туралы ескерту хатын негіздеумен қоса жібереді.

Комиссия хаттамасына қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні мерзімінде Шартқа грант алушы мен ұлттық институт қол қояды. Әр тарап үшін бір нұсқа бойынша ұлттық институттың актілерімен реттелетін нысанмен екі нұсқада келісім-шарт жасасады.

1) және 3) тармақшаларында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнін құрайды.

 

Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 560 бұйрығы).

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының нысан бойынша технологияларды коммерцияландыру стратегиясы (сондай-ақ Microsoft Word нысанында, электронды тасығышта, ағылшын тілінде ұсынылады).
  3. мемлекеттік кірістер органдарында есеп жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

 

Заңды тұлғалар үшін қосымша құжаттарды ұсыну қажет:

  1. жарғының көшірмесі, жоғары органның өтінімді ұлттық институтқа ұсыну туралы, басшыға немесе өзге уәкілетті тұлғаға өтінімді ұсыну мен инновациялық грантты алумен байланысты құжаттарға қол қою өкілеттерін беру туралы шешімі.
  2. бірінші басшымен (ол болмаған кезде – оны алмастыратын тұлғамен) және бас бухгалтермен қол қойылған, ұйымның мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған соңғы жыл үшін қаржылық есептілік (қаржылық есептіліктің әр жыл сайынғы аудитін өткізу міндетті болып табылатын тұлғалар уақыттың көрсетілген кезеңі үшін аудиторлық есеп ұсынады).

 

Өтінім материалдарына қосымша бар болған жағдайда қоса беріледі:

  1. жоба қатысушыларының біліктілігін растайтын лицензиялар, патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар мен басқа құжаттардың көшірмелері.
  2. құрал-жабдықтарды жеткізуге шарттардың және (немесе) келісімдердің көшірмелері қоса берілуі мүмкін.

Өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде екі данамен қол қойылған және нөмірленген нысанда қағаз тасығышта және PDF форматында бірыңғай файлмен электрондық сканерленген, нұсқамен ұсынылады немесе инновациялық гранттарға өтінімдерді электрондық қабылдау және сүйемелдеу жүйесі арқылы ұсынылады. Өтінімнің электрондық нұсқасының мазмұны оның қағаз нұсқасымен бірдей болуы тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды берген кезде оның көшірмесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелу күні мен нөмірі көрсетілген тіркелуі туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасы берілген сәттен бастап – 83 (сексен үш) жұмыс күні;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілген ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;

3) рұқсат берілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.

Қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда қызмет беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз, электрондық түрінде.

Қызмет беруші келесі жағдайларда технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беруден бас тартады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1163 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 12967 болып тіркелген) және «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1192 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде №13062 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, көрсетілетін қызметті берушінің және оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Transport tower» ғимараты, 1 қабатта орналасқан кабинетке, телефондары: 8 (7172) 983490.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағым

Министрліктің кеңсесінде (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегін, аты-жөнін, әкесінің атын (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) қабылдаған күні мен уақытын, шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу шағымды қабылдауды растау болып табылады.

Министрліктің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Өтінішті қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы не болмаса Министрліктің кеңсесінен қолма-қол алынады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағым оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН НӘТИЖЕСІ

Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру туралы шартқа қол қою немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

 

Қазіргі уақытта бұл терминмен сыныпталған мазмұны жоқ.

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Инновациялық даму және цифрландыру департаменті