Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

Департамент туралы ереже

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің

Инновациялық даму және цифрландыру департаменті

туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1.Инновациялық даму және цифрландыру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) индустриалды-инновациялық және ғылыми-технологиялық, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер салаларында басшылықты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше болып табылады.

2.Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.

4. Департамент:

1) Технологиялық және инновациялық дамуды талдау және болжау басқармасынан;

2) Инновациялық жүйені дамыту басқармасынан;

3) Саланы цифрландыру басқармасынан;

4) Инновациялық белсенділікті ынталандыру басқармасынан;

5) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру басқармасынан құралады.

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары ж әне құқықтары

 

5. Міндеті: Технологиялық және инновациялық дамуды талдау және болжау.

Функциялары:

1)инновациялық, технологиялық және ғылыми-техникалық даму саласында нормативтік құқықтық актілерді және басқа құжаттарды әзірлейді және келіседі;

2) инновациялық және технологиялық даму саласында халықаралық ынтамақтастықты жүзеге асырады;

3) Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларын жақсарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4)Технологиялық және инновациялық дамуды, сонымен қатар Ұлттық инновациялық жүйе сұрақтарын талдау және болжауды іске асырады.

7) инновациялық және технологиялық саясат мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың сауалдарын қарастырады.

6. Міндеті: Инновациялық жүйенің дамуын қалыптастыруды жүзеге асыру.

Функциялары:

1) инновациялық, технологиялық және ғылыми-техникалық даму саласында нормативтік құқықтық актілерді және басқа құжаттарды әзірлейді және келіседі;

2) Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастырады;

3) ғылым мен бизнесті біріктіруге бағытталған шараларды әзірлейді;

4) инновациялық және технологиялық даму бөлігінде индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлауды, мониторингтуді, дамуға ынталандыруды жүзеге асырады;

5) ғылыми-технологиялық даму саласында салааралық өзара әрекетті қамтамасыз етеді;

6) инновациялық және технологиялық саясат мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың сауалдарын қарастырады.

7) инновациялық жүйені дамыту шеңберінде Венчурлық қаржыландырумен байланысты сұрақтар бойынша жұмыстарды жүргізу

7. Міндеті: Саланы цифрландыруды іске асыру.

Функциялары:

1) «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдармен орындауына мониторинг жүргізу;

2) Министрліктің құзыретіндегі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жауапты мониторинг және бақылау жүргізу;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысына, Үкімет отырысына, сондай-ақ басқа да ұйымдастырылатын мәжілістерге материалдар дайындау мақсатында құрылымдық бөлімшелермен жұмысты үйлестіру;

4) «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру барысына қатысу»;

5) Министрліктің құзыреті шеңберінде салаларды цифрландыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

6) салаларды цифрландыру мәселелері бойынша ақпаратты қоғамға қол жетімділікті қамтамасыз ету.

8. Міндеті: Инновациялық белсенділікті ынталандыру үшін жағдай жасау.

Функциялары:

1) Инновациялық белсенділікті ынталандыру және «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерін дамыту аясында құқықтық актілерді және басқада құжаттарды даярлау және келісу;

2) Инновациялық белсенділікті ынталандыру саласында бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыруды және жүзеге асыру;

3) Инновациялық гранттарды беру бағдарламасын жүзеге асыру;

4) инновациялық құрылым субъектілерінің функциялануын қамтамассыз етуді;

5) инновацияны ақпараттық-насихаттық қолдау және білімді тарату арқылы инновациялық қызметті дәріптеуді қамтамасыз етеді;

6) инновациялық белсенділікті ынталандыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың сауалдарын қарастырады;

7) инновациялық белсенділікті ынталандыру бөлігінде индустриялық-инновациялық даму саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

8) Министрліктің стратегиялық құжаттары және мемлекеттік бағдарламасы аясында «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерімен индикаторлық көрсеткіштерінің жеткізілуін мониторингілеу және қызметті бақылау.

9. Міндеті: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, мониторингілеу және бағалау.

Функциялары:

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету, мемлекеттік қызметтерді айқындау және/немесе тиісті тізілімнен алып тастау, Министрліктің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің атауын өзгерту, сондай-ақ лицензиялық-рұқсат беру құжаттарды хабарлау тәртібіне ауыстыру бөлігінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

2) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және уақтылығын, оның ішінде «Мониторинг» АЖ, «Е-лицензиялау» МДБ ақпараттық жүйелері арқылы Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін бақылау;

3) құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалауды жүргізуге мониторинг өткізу;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу;

5) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауды бақылау;

6) Министрліктің ресми интернет ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімін жаңарту және актуалдандыру бойынша бақылау.

10. Міндеті: Лицензиялық-рұқсат беру құжаттарын қысқарту оның ішінде лицензиялық-рұқсат беру құжаттарын хабарлау тәртібіне ауыстыру бойынша жұмыстарды үйлестіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.

Функциялары:

1) бизнесті жүргізу үшін кедергілерді жою мәніне оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын және регламенттерін әзірлеу бойынша заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізу;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесінде автоматтандыру және оңтайландыру бөлігінде ұсыныстарды тұжырымдау;

3) Министрліктің автоматтандыруға жататын функциялар тізбесін айқындау және қалыптастыру;

4) функцияларды автоматтандыру бөлігінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру;

5) Министрліктің құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік корпорацияға ауыстыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

11. Құқықтары мен міндеттері:

11.1. Департамент құқылы:

1)басшылықтың тапсырмасы бойынша өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, халықаралық ұйымдарында және шет мемлекеттерде Министрліктің атынан сөйлеу;

2) Министрліктің басшылығының тапсырмасы бойынша шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарының өкілдерімен кездесулер және келіссөздер өткізуге;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және ғылыми-техникалық, инновациялық, технологиялық, цифрландыру сала ұйымдарынан өз функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдар, қорытындылар және ақпараттар сұратуға және алуға;ғылыми-техникалық, инновациялық және технологиялық даму, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер сұрақтары бойынша өзара үкіметаралық комиссиялар мен халықаралық іс-шараларға бекітілген тәртіппен қатысу; бірлескен үкіметаралық комиссиялар отырыстары мен халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Министрліктің басшылығына тиісті ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындауды жүзеге асыруға; Министрліктің басшыларынан және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінен отандық және шетелдік делегацияларымен кездесулер мен келіссөздер бойынша ұсынымдар және қорытындылары мен есептер және хаттамалар сұратуға және алуға;

4)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

11.2. Департамент келесі міндеттерді орындайды:

1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басшылығына Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына, жоғары және басқа мемлекеттік органдар өткізетін кеңестерге материалдар дайындауды жүзеге асырады;

2) Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

12.Департаменттің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттігі бар.

13.Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады.

14. Департамент Директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады.

15.Департамент Директоры болмаған кезеңде өз өкілеттігі шегінде Департаментке жалпы жетекшілікті жүзеге асырады;

16. Департамент Директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар ұсынады.

17. Директор осы мақсатта:

1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

2) Департаменттің құрамына кіретін Басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

18.Департамент директорының жауапты Хатшының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары бар.

16. Департамент Директорының орынбасарлары:

1) өз құзыреті шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент Директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;

3) Департамент Директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

19.Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оның орнын алмастыратын адам қол қояды.

20. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілетін лауазымдық нұсқаулықтарында айқындалады.

Published on: 09.07.2015
Updated on: 18.05.2019
© 2019

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Department of Innovation Development and Digitalization